Қазақстан Ресейден  жанармай импортын шектеді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі елдегі авиациялық жанармайдың көп болуына байланысты импортқа уақытша тыйым салынғаны білдірді.

1999700
Қазақстан Ресейден  жанармай импортын шектеді

Қазақстан Ресейден темір жолы арқылы әуе көліктері жанармайын импорт етуге уақытша тыйым салды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі таратқан мәлімдемеде елдегі авиациялық жанармайдың көп болуына байланысты импортқа уақытша тыйым салынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Алматыда 25 мың тонна, Астанада 6 мың тонна авиациялық жанармай әуежайлардың қажеттіліктері үшін вагондарда сақталғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде:

«Бұл жағдай 20-30 градус ауа температурасы кезінде темір жолда жарылыс тудыруы мүмкін»деп ескертілді.

Тыйым салу туралы шешімнің нақты мерзімі жарияланбады.

Осының алдында Ресей медиасы Қазақстан Темір жолы ұлттық компаниясы 14 маусым мен 14 шілде аралығында ресейлік әуе көліктері жанармайын тасымалдауға тыйым салғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар