Түркі әлемі Әзербайжанның Шуша қаласында бас қосты

Шушада «Түркі Әлемінің Мәдени астанасы» іс-шаралары басталды.

1985847
Түркі әлемі Әзербайжанның Шуша қаласында бас қосты

Түркі Мәдениеті Халықаралық ұйымының(ТҮРІКСОЙ) "2022 жылы Түркі әлемінің Мәдени астанасы Бурсада" өткен Түріксой Мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесінің кезектен тыс жиналысында Әзербайжанның Шуша қаласы "2023 Түркі Әлемінің Мәдени астанасы" деп жарияланған еді.

Осыған орай Шушада «Түркі Әлемінің Мәдени астанасы» іс-шаралары басталды.

Ашылу салтанатына Әзербайжанның Мәдениет министрі Әділ Керимли, ТҮРІКСОЙ-дың  Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) төрағасы Серкан Каялар, Түркияның Әзербайжандағы өкілетті және төтенше елшісі Джахит Багжы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының  Баку өкілі Уфук Турганер, ТҮРІКСОЙ-ға мүше елдерден келген ресми тұлғалар мен қонақтар қатысты.

Түрік әлемінің әр елінен өнерпаздар сахнаға шыққан шарада қонақтарға түрік әлемінің тағамдарынан түрлі дәмдер ұсынылды. Бурса қалалық әкімшілігі құрған стендте түрік асханасының тағамдары таныстырылды.



Ұқсас жаңалықтар