Әлиев Әзербайжан туын өртеу оқиғасына тоқталды

Әлиев: «Бұл сұмдық оқиғаның жауапкері Армения үкіметі және мемлекеті».

1976993
Әлиев Әзербайжан туын өртеу оқиғасына тоқталды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияда ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында Әзербайжан туының өртенуімен байланысты «Бұл сұмдық оқиғаның жауапкері Армения үкіметі және мемлекеті» деді.

Әлиев ресми сапармен барған Салян қаласында Әзербайжан мемлекеттік телеарнасының сұрақтарына жауап қайтарды.

Арменияның бас қаласы Ереванда өткен ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында бір адамның Әзербайжан туын өртенуіне тоқталған Әлиев бұл оқиғаның жеке немесе кездейсоқ емес, Армения үкіметі әдейі жасаған, қасақана бір әрекет екенін баса айтты.

Оқиғаны жасаған адамның ешқандай жазаға тартылмағаны және «батыр» деп жарияланғанын білдірген Әлиев «Мұндай жексұрын оқиға Армения әкімшілігінің алдында өтіп жатыр және оған ешқандай наразылық көрсетілмейді. Бұл сұмдық оқиғаның жауапкері Армения үкіметі және мемлекеті екенін білдіреді» деді.

Бұл оқиғаның өздерін әлсіретпейтінін атап айтқан Әлиев «Бірақ олар жақсы ойлауы керек. Бір күні көздерін ашқан кезде, бастарының үстінде Әзербайжан туын көрулері мүмкін» деді.

Әлиев Ереванда өткен чемпионатта алған медальдарын Әзербайжанға сыйға тартқан түрік ауыр атлеттері Джансу Бекташ пен Гамзе Алтун туралы «Михрибан ханым екеуміз осы қыздарды құттықтадық. Өйткені олар Түркия мен Әзербайжанның жауы болған мемлекетте жеңіске жетіп, түріктің туын желбіретті. Армяндар біздің туымызды өртеп жіберді, бірақ түрік туы сол жерде желбіреді. Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мемлекеттік Әнұранның қатты шырқалғаны сонша, отырған жаулардың бәрі саңырау болып қалды. Олар өз жеңісін Әзербайжанға сыйлады. Сондықтан олар бүкіл Әзербайжан халқының сүйіспеншілігіне ие болды» деді.

Армениядағы ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында сахнада мемлекеттік тулар тұрғанда бір адам Әзербайжан туын өртеп жіберген еді. Әзербайжан Жастар және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті осы жағдайға байланысты спортшыларды кері қайтаруға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар