Әлиев отаршылдықты жалғастырған Францияға наразылық көрсетті

Әлиев Бакуде өткен «Қосылмау қозғалысы Ковид-19 байланыс тобы саммиті» аясында баяндама жасады.

1953937
Әлиев отаршылдықты жалғастырған Францияға наразылық көрсетті
aliyev baglantisizlar hareketi.jpg
aliyev baglantisizlar hareketi1.jpg

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Францияның отаршылдықты жалғастыруына наразылық көрсетті.

Әлиев Әзербайжанның бас қаласы Бакуде өткен «Қосылмау қозғалысы Ковид-19 байланыс тобы саммиті» аясында баяндама жасады.

Қосылмау қозғалысы ретінде әділеттілік пен халықаралық құқықты қорғайтындарын атап өткен Әлиев кейбір бай елдердің эпидемия кезіндегі «вакциналық ұлтшылдықтың» ковид-19 эпидемиясымен күреске үлкен кедергі жасайтынын атап көрсетті.

Халықаралық құқықтағы проблемалар мен сыбайлас жемқорлыққа тоқталған Әлиев егемендік және аумақтық тұтастықты бұзу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласу сияқты жағдайлардың көбейгенін баса айтты.

Әлемде неоколониализм үрдісінің күшейгеніне назар аударған Әлиев «Қосылмау қозғалысы Комор Аралдары Бірлігінің француз отаршылдық билігінде болған Майотта аралындағы даусыз егемендігін әрқашан қатты қолдады. Біз Франция үкіметін Жаңа Каледония халқының және француздың теңіздің арғы жағындағы қауымдастықтары мен аумақтарындағы басқа халықтардың құқықтарын құрметтеуге шақырамыз. Еуропадан тыс Францияның бақылауындағы жерлер француз отаршылдық империясының қорқынышты қалдықтары болып табылады. Францияны Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және басқа жерлердегі Қосылмау қозғалысы елдеріне қарсы өзінің отаршылдық өткені, қанды отаршылдық қылмыстары және геноцид әрекеттері үшін кешірім сұрауға және жауапкершілікті мойындауға шақырамыз» деді.

Әлиев Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде (БҰҰҚК) реформалар жасалуы керектігін баса айтып, «БҰҰҚК-нің тұрақты мүшелер саны көбірек елдерді қамтитындай кеңейтілуі керек және географиялық тұрғыдан әділ болуы тиіс. Қосылмау қозғалысына тұрақты орын беріліп, төрағалық етуші ел бұл орынға ие болуы керек» деді.

Жиналысқа Әлиевке қоса Түрікменстан, Өзбекстан, Ирак және Ливия президенттері, Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы, Куба, Габон және Танзания президенттерінің орынбасарлары, Алжир және Кения премьер-министрлері қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Бас Ассамблеясының төрағасы Чаба Короси, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Антонио Виторино, Саммитке БҰҰ-ның Женева кеңсесі директоры Татьяна Валовая, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хусрав Нозири де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар