Юнус Эмре институтынан Мәжіліс кітапханасына кітап

Институт Парламент Мәжілісінің кітапханасына кітап сыйға тартқан алғашқы шетелдік мекеме болды.

1912515
Юнус Эмре институтынан Мәжіліс кітапханасына кітап

Қазақстандағы Юнус Эмре институты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің кітапханасына  түрік және қазақ тілдерінде басылып шыққан кітаптарды табыс етті.

Институт Парламент Мәжілісінің кітапханасына кітап сыйға тартқан алғашқы шетелдік мекеме болды.

Қазақстан парламенті ғимаратында өткен кітап тапсыру рәсіміне Парламент депутаттары қатысты.

Түрік және қазақ тіліндегі кітаптарды «Астана Юнус Эмре институты» басшысы Др. Алмагүл Исина тарту етті. Исина Қазақстан Парламенттік Мәжілісінің кітапханасымен  басқа салалардағы ынтымақтастық жалғасатынын атап өтті.

Кітапханаға тарту етілген кітаптар арасында Ахмет Ясауи, Қорқыт Ата, Түркия және түрік мәдениетін жан-жақты танытқан еңбектер қамтылған.



Ұқсас жаңалықтар