Ердоған Жаңа Әзербайжан партиясының  30 жылдығымен құттықтады

Ердоған Жаңа Әзербайжан партиясының 30 жылдығына орай Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жолдады.

1908843
Ердоған Жаңа Әзербайжан партиясының  30 жылдығымен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Әзербайжан партиясының  30 жылдығымен құттықтады.

Президент Режеп Тайып  Ердоған Жаңа Әзербайжан партиясының 30 жылдығына орай Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жолдады.

Президент Ердоған құттықтауында «Жаңа Әзербайжан партиясының құрылғанына 30 жыл толуымен президент, құрметті бауырым Ильхам Әлиевті,  Жаңа Әзербайжан партиясының барлық мүшелерін және бауырлас Әзербайжан халқын шын жүректен құттықтаймын. Әзербайжанның Ұлы көшбасшысы марқұм Гайдар Әлиев негізін қалаған Жаңа Әзербайжан партиясы алғашқы күннен бастап үлкен қызметтер атқарған.  Бұл партия Әзербайжанның жетекші саяси партиясына айналды және бүгін де сіздің мықты басшылығыңызбен әр салада үлкен жетістіктерге  қол жетікзді» деген сөздер қолданды.

Территорияларды армян басқыншылығынан азат етіп, аймағының жарқыраған жұлдызына айналған Әзербайжанның осы таңда күллі түрік әлемі үшін шабыт қайнары екеніне тоқталған Ердоған «Түркия мен Әзербайжан арасындағы ерекше байланыстарға негізделген және Шуша декларациясымен жоғары деңгейге көтерілген ынтымақтастығымыз бен селбестігіміздің алдағы уақытта да жалғасын табатынына толық сенемін» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар