Президент Ердоғанның Қазақстанға сапарында стратегиялық қарым-қатынаста нақты қадамдар басылады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның 12-13 қазандағы Қазақстанға ресми сапары барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын кеңейту бағытында нақты қадамдар жасалады деп жоспарланды.

1891313
Президент Ердоғанның Қазақстанға сапарында стратегиялық қарым-қатынаста нақты қадамдар басылады

 

Мейрамгүл Құсайынова | Астана

Биыл Түркия мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 30 жыл толады.

70 жылға жуық бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған және одақ ыдырағаннан кейін егемендігін алған Қазақстан жариялаған тәуелсіздігін бірінші болып Түркия мойындады.

Қазақстан Түркиямен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 жылы наурызда, тәуелсіздігін ресми түрде жариялағаннан кейін шамамен 2 ай өткен соң орнатты.

 Түркияның тұңғыш елшісі болып тағайындалған Аргун Өзпай 1992 жылы 21 сәуірде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды.

Осылайша Түркия сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматыда елшілігін ашып, тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш дипломатиялық өкілдіктің ашылуына мұрындық болды. Қазақстан да сол жылы Анкарада елшілігін ашты. 2009 жылы екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық әріптестік мәртебесіне ие болды.

Екі ел 2012 жылдың мамыр айында «Жаңа синергия – Бірлескен экономикалық бағдарлама іс-қимыл жоспарына» қол қойса, 2012 жылдың қазан айында Қазақстан мен Түркия арасында «Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің» бірінші отырысы өтті.

Түркия мен Қазақстан 30 жылда өзара сауда көлемін 30 миллион доллардан 3 миллиард долларға дейін арттырды.

Аймақтық және халықаралық аренада ынтымақтастығын жалғастырған екі ел түрік әлемінің интеграциясы үшін де маңызды бастамаларды көтерді. Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой, Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO), Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) сияқты бірлескен институттардың құрылуында бастамашы рол атқарды.

 

Ердоғанның Астанаға сапарында стратегиялық қарым-қатынастарды кеңейту үшін нақты қадамдар басылады

 

Президент Ердоған Астанада өтетін Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) де қатысады. Түрік президенттің Қазақстанға сапарының екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастар тұрғысынан да маңызды болатыны атап өтілді.

Ердоғанның 2017 жылғы соңғы сапарынан бері Қазақстан биліктің ауысуымен бірге келген жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерісті бастан кешіруде. Сонымен қатар Президент Ердоған мен қызметке кіріскеннен кейін мамыр айында алғаш рет Анкарада ресми кездесулер өткізген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастардың жаңа дәуірінің символы болып табылатын «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» келісімі үшін нақты қадам басады деп айтылуда.

Делегациясымен бірге Астанаға келетін Ердоған Ақордада ресми салтанатпен қарсы алынып, президент Тоқаевпен жеке және делегация аралық кездесулер өткізеді. Сонымен қатар ол Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысына қатысады. Отырыста  екі ел арасындағы саяси және экономикалық мәселелер, әскери және қорғаныс өнеркәсібі, мәдени және адами салалардағы ынтымақтастық қолға алынады.

 

Түркия -  Қазақстанның 5-ші ірі сауда серіктесі

 

Қазақстан мен Түркия қазіргі 3 миллиард 527 миллион долларлық екіжақты сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Қазіргі уақытта Түркия - Ресей, Қытай, Италия және Оңтүстік Кореядан кейін Қазақстанмен ең көп сыртқы сауда жасаған 5-ші ел. Бұған қоса Түркия соңғы жылдары Қазақстанға инвестициясын ең көп арттырған үшінші ел ретінде белгілі.  Ресми мәлімет бойынша елде түрік капиталының қатысуымен 3 мыңға жуық компания жұмыс істейді.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы да нығайып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның бас қаласы Астанадан, сонымен бірге Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтаудан Түркияның Стамбул және Анталия қалаларына аптасына 80-ге жуық тұрақты рейс бар. Түрік Әуе жолдары жақын арада Анкарадан Қазақстанға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар