Қаланы өртеп кетіп жатыр

Аймақтағы армяндар Лачыннан ғимараттар мен ормандарды өртеп шығып кетті.

1869479
Қаланы өртеп кетіп жатыр

Осы айдың соңында Әзербайжанның бақылауына өтетін Лачында армяндар қаладан үйлер мен орман алқаптарын өртеп шығып жатыр.

Айдың соңында Әзербайжанның бақылауында болатын Лачынға заңсыз қоныстанған армяндар тапсыру күнінен бұрын қалаға зиянын тигізңп кетуде.  Аймақтағы армяндар Лачыннан ғимараттар мен ормандарды өртеп шығып кетті.

Армян қоныстанушыларының үйлерді өртеп, қоршаған ортаға зиянын тигізген көптеген суреттер әлеуметтік желіде тез таралып, үлкен наразылық тудырды.

2020 жылдың 10 қарашасында Әзербайжан, Армения және Ресей арасында қол қойылған үш жақты декларацияға сәйкес, Лачында және Қарабахтағы кейбір іргелес ауылдарда тұратын армяндар тамыз айының соңында заңсыз қоныстанған аймақтан шығуы керек.

2020 жылдың 1 желтоқсанында басқыншылардан азат етілген Лачында және оның маңындағы ауылдарда Таяу Шығыстан келген көптеген заңсыз  мигранттар да өмір сүруде.

Айдың соңына дейін аймақтағы мигранттар мен ресейлік уақытша  әскерлер де қаладан шығуы тиіс.

Лачын айналасындағы жол құрылысының маңызды бөлігі де аяқталып қалды.



Ұқсас жаңалықтар