Бұхара қаласы - Түркі әлемінің жастар астанасы

Өзбекстанның Бұхара қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымының 4-ші Жас көшбасшылар форумы басталды.

1837491
Бұхара қаласы - Түркі әлемінің жастар астанасы

Өзбекстанның тарихи Бұхара қаласы «Түркі әлемінің жастар астанасы» болып жарияланды.

Өзбекстанның тарихи қаласы Бұхара қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) 4-ші Жас көшбасшылар форумы басталды.

Екі күнге созылатын форумның бірінші күніне ТМҰ бас хатшысы Бағдат Әміреев, «Байкар» технология жетекшісі Селчук Байрактар, ТР Жастар және спорт министрінің орынбасары Халис Юнус Эрсөз, Өзбекстан Жастар істері агенттігінің президенті Алишир Садуллаев, Бұхара провинциясының губернаторы Батыр Зарипов және көптеген ресми тұлғалар және ұйымға мүше елдердің жастары қатысты.

Форумның бірінші күнінің соңында Зарипов, Әміреев және Садуллаев 2022 жылды түркі әлемінде «Жастар бастамаларын қолдау жылы», ал тарихи Бұхара қаласын «Түркі әлемінің жастар астанасы» деп жариялау туралы декларацияға қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар