Петер Сийярто Қазақстанға сапарлай барды

Венгрияның Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийярто қазақ әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

1821748
Петер Сийярто Қазақстанға сапарлай барды

Венгрияның Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийярто Ресейден еліне табиғи газ бен мұнай алуды шектейтін санкцияларға дауыс бермегендерін айтты. 

Петер Сийярто Қазақстандағы сапары аясында әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Екі министр оңаша және делегациялар арасындағы кездесулерден кейін баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Венгрияның Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийярто қазақ әріптесі Мұхтар Тілеубердімен екі жақтылы ынтымақтастықпен бірге Украина тақырыбында да көзқарас алмастырғанын айтты.

Украинамен көрші екендерін және осы елдегі жағдайдың Венгрияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін айтқан Петер Сийярто:

"Венгияның тұрақтылық пен бейбітшілікті қалайтынын министр Тілеубердіге жеткіздім. Еуропа Одағындағы барлық санкция пакетіне қатыстық. Осыған қарамай Еуропа Одағының әділетсіз айыптауларына дөп келудеміз" деді.

Петер Сийярто Венгрияның мұнай талабының 65 пайызын Ресейден алғанын айтып:

"Еліміздің энергия қауіпсіздігін кепілдікке алу біздің нақтылы қадам басуымызды қажет ететінін айтудамыз. Сол себепті Ресейден Венгрияға табиғи газ бен мұнай алуды шектейтін санкцияларға дауыс бермейміз" деді.

Мұның саяси шешім емес екенін айтқан Петер Сийярто:

"Бұл еліміздің энергия қауіпсіздігіне қатысты тақырып. Себебі қазіргі жағдайда Ресей мұнайы болмаса, экономикамыздың қалыпты жұмысына кепілдік жасай алмаймыз" деді.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейге қарсы санкциялар екі елдің экономикалық және сауда ынтымақтастығына нашар әсер жасағанын айтты.

Мұхтар Тілеуберді:

"Венгриямен транзитті қамтыған жүк тасымалындағы сауда және экономикалық байланыстарымызда қиыншылықтар болып жатыр" деді. 

Венгрияның Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийярто сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар