Еуроодақ пен Орта Азия министрлері бас қосты

Жиналыста Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастар, күнтәртіптегі мәселелер, ортақ қауіпсіздік тақырыптары талқыланды.

1737150
Еуроодақ пен Орта Азия министрлері бас қосты

Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің 17-ші жиналысы Тәжікстанның бас қаласы Душанбеде өткізілді. 

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде жиналысқа Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қазақстан премьер-министрінің орындасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, Тәжікстен Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары  Вепа Хажиев және Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл қатысты. 

Жиналыста Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастар, күнтәртіптегі мәселелер, ортақ қауіпсіздік, аймақтық ынтымақтастықты кеңейту, Ауғанстандағы жағдай тақырыптары қолға алынды.

Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бағаланған жиналыста Орталық Азия мен Еуропа Одағы арасындағы саяси, сауда, экономика, қоршаған орта, климат өзгерістері, су және энергия тақырыптарындағы ынтымақтастық жағдайы, қауіпсіздік, террор және ұшқарылықпен күрес мәселелері талқыланды.

Жиналыста Ауғанстандағы жағдайды қолға алған тараптар ай мақ елдері мен Ауғанстан арасындағы шекараны қорғауды қамтыған Ауғанстан тақырыбында ортақ әрекет жасау тақырыптарын кеңесті.

Жиналыс соңында ортақ мәлімдеме қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар