Қазақстанда дәстүрлі құсбегілер турнирі өтті

Турнирде  жылдың үздік бүркітшілері анықталды.

1729435
Қазақстанда дәстүрлі құсбегілер турнирі өтті
kazakistan kartal.jpg
kazakistan kartal.jpg

Қазақстанда Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы дәстүрлі құсбегілер турнирінде  жылдың үздік бүркітшілері анықталды.

Атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылған турнир елорда Нұр-Сұлтаннан 30 шақырым жердегі Софиевка ауылында өтті.

Елдің түкпір-түкпірінен 30 бүркітші қатысқан турнирге қаршыға, сұңқар сияқты жыртқыш құстарымен бірге аңға шыққан аңшылар да қатысты.

Жылдың үздік бүркітшілері іріктелген турнир аясында бүркіттердің түлкі мен қоян аулау жылдамдығы мен қолға бейімделу қабілеттері көрсетілді.

Екі күнге созылған сайыста Алматы қаласының атынан өнер көрсеткен бүркітші Ермұхан Байтебай «Айғақташ» атты бүркітімен бірінші орынды жеңіп алды. Серікболсын Жалғасұлы «Жаңқияр» атты бүркітімен екінші, Ақберен Құрманғалиев «Ұшқыр» атты қыранымен үшінші болды.

Турнир барысын бақылаған Қазақстан Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли турнирді жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, осындай шаралардың арқасында ұмыт болған ата-баба дәстүрінің қайта жандана бастағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар