Әзербайжан Иранды жауапкер болуға шақырды

Әзербайжан территориясының Иранға қарсы тыңшылық іс-шараларында қолданылғаны пайымдауларының қате екені білдірілді.

1717836
Әзербайжан Иранды жауапкер болуға шақырды

Әзербайжан Шекара қызметтері басқармасы Иран шекарасында үшінші елге қарасты күш жоқ екенін білдіріп, бұл тақырыпта қате мәлімет берген ирандық лауазымдыны "жауапкер болуға" шақырды. 

Әзербайжан Шекара қызметтері басқармасынан жасалған мәлімдемеде Иран Шекара қорғаушылар қолбасшысы Бригадир генерал Али Гоударзидің Иран баспасөзінде Әзербайжанға байланысты негізсіз баяндамалар жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Шекара қызметтері басқармасы Әзербайжан шекарасында үшінші бір елдің күштері әсте болған емес, қазір де жоқ, бұдан былай да болмайтынын ресми жариялайды" деп көрсетілді. 

Әзербайжан территориясының Иранға қарсы тыңшылық іс-шараларында қолданылғаны пайымдауларының қате екені білдірілген мәлімдемеде:

"Әзербайжан территориясында, шекара қорғау ұйымдарында шетел күштері мен мамандары жоқ. Әзербайжан Шекара қызметтері басқармасы шетел күштерінің қолдауына мұқтаж емес" деп көрсетілді.

Әзербайжан мен Армения шекарасында және Горус-Гафан жолының Әзербайжаннан өтетін бойында шекара және кеден тексерулерін жасау Әзербайжанның егемендік құқығы екені дәріптелген мәлімдемеде:

"Қазір Иранмен шекарада жағдай тұрақты және Әзербайжан шекара қорғаушыларының бақылауында. Шекарада еліміздің мүддесіне қарсы әрқандай әрекеттер батыл тосылады. Ирандық лауазымдыларды жауапкер болуға, қате немесе қаралайтын мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз" деп көрсетілді.   



Ұқсас жаңалықтар