Түркия мен Әзербайжан Нахчыванда бірлескен жаттығу өткізеді

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Нахчыванда өтетінін бірлескен жаттығу туралы мәлімдеме жасады.

1708403
Түркия мен Әзербайжан Нахчыванда бірлескен жаттығу өткізеді

Түркия мен Әзербайжан Қарулы күштері Нахчыван Автономиялық Республикасында бірлескен әскери оқу-жаттығуды бастады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Мәңгі бауырластық 2021» атты жаттығуға қатысатын Түркияның кейбір сарбаздарының Нахчыванға келгені хабарланды.

Түркия мен Әзербайжан мемлекеттік әнұрандарының орындалуының артынан ту алмастырылды. Туды алмастыру рәсімінен кейін сарбаздар мен жаттығуда қолданылатын кейбір бронды машиналар Нахчывандағы әскери бөлімдерге қарай керуен болып жылжыды.

Түркиядан барған әскерлер Нахчывандағы әскери бөлімдер тарапынан зор ықыласпен қарсы алды.



Ұқсас жаңалықтар