Ильхам Әлиев Лачын және Кельбежер қалаларына барды
Ол жол үстінде салынатын туннельдердің іргетасын қалады.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның оккупациясынан азат етілген Лачын және Кельбежер қалаларына барды.
Әлиевтің жұбайы Михрибан Әлиева осы көріністерді Инстаграм парақшасында жариялады. Көріністе президент Әлиев көлікті өзі қолданып отырғаны көрінеді.
Әлиев көріністерде жол бойы қираған елді мекендерді көрсетіп, барлық ауылдарды Армения қарулы күштері қиратқанын айтады.
Президент Кельбежер мен Лачынның таулары, сайлары және ормандарымен табиғаты керемет жерлер екенін айтып берді. Ол жол үстінде салынатын туннельдердің іргетасын қалады.
Лачын Халықаралық әуежайының да іргетасын қалаған Әлиев Кельбежер қала орталығына Әзербайжан туын асты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.