Қырғыз президент жаңа үкіметке тапсырма берді

Ол инвесторларға қолдау көрсетуді сұрады.

1579493
Қырғыз президент жаңа үкіметке тапсырма берді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров үкіметке инвесторларға қолдау беру, қорғау және инвестиция климатының жақсартылуы үшін жылдам шешім қабылдау нұсқауын берді.

Президенттік аппараттың Баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, президент Жапаров бір апта бұрын премьер-министрлік міндетіне келген Ұлықбек Мариповты қабылдады.

Кездесуде экономикадағы тоқырауға қарсы шаралар, коронавирус эпидемиясымен күрес шаралары, елдің орта мерзімді дамуының маңызды салалары мен экономикадағы реформалар қолға алынды. Жапаров ел экономикасының қиын жағдайда екенін білдіріп,  үкіметке тапсырмалар берді. Ол бизнес ортасының мемлекеттік мекемелерге сенімін арттыру және экономикаға қолдау беру үшін үкіметтің дағдарыспен ауқымды күрес жоспарын дереу қабылдауы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар