Түркия Әзербайжанға 40 тонна жәрдем жолдады

ТИКА Армения шабуылында шығынға ұшыраған әзербайжандық азаматтарға 40 тонна азық-түлік жәрдемін жолдады.

1514235
Түркия Әзербайжанға 40 тонна жәрдем жолдады

Түркия соғыс майданына жақын аймақтарда тұратын және Армения шабуылдарында шығынға ұшыраған әзербайжандық азаматтарға 40 тонна азық-түлік жәрдемін жолдады.

Түрік Ынтымақтастық  және координация ұйымы ТИКА тарапынан жолданған азық-түлік құтылары Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Еркан Өзорал, Әзербайжан босқын және иммиграндтарға жауапты комитеттің басшысы Фуад Хусейн және ТИКА Баку жауаптысы Теоман Тиряки қатысқан рәсімнен кейін аймаққа жолданды.

Елші Еркан Өзорал Түркияның Әзербайжанның жақсы-жаман күндерінде де қасында екенін айтты.

Түркия мен Әзербайжан "Екі ел, бір ұлт" болғанын ескерткен Өзорал:

"Территориясын құтқару жолындағы күресінде Әзербайжанға шексіз қолдау береміз. Тек бауырлас болғанымыз үшін емес, әділетті күрес жүргізіп жатқаны үшін бауырластарымызды жалғыз тастамаймыз" деді. 

Әзербайжан босқын және иммиграндтарға жауапты комитеттің басшысы Фуад Хусейн Түркия халқы мен ұлтының шынайы қолдауын сезінгендерін айтып, жәрдем үшін алғысын жеткізді. 

Түркиядан барған 40 тонна азық-түлік Агдам, Тертер, Берде уәлаяттарындағы соғыс майданына жақын аймақтарда тұратын 2 мың отбасына таратылады.



Ұқсас жаңалықтар