Түркия Қырым татарларының қасында болады

Түркия Ресей жаулап алған Қырым татарларына атқарылған жүйелі қысым мен қорқыту саясатына алаңдап отыр.

1482377
Түркия Қырым татарларының қасында болады

Түркия Қырым татар түріктерінің әрқашан қасында болатынын білдірді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Қырымда кеше азанда Қырым татар түріктерінің үйлеріне жасалған шабуылдар мен ұстау әрекеттерінен алаңдап отырмыз" деп көрсетілді.

Аталмыш оқиғаның Қырымның 2014 жылы заңсыз және бейресми түрде жаулануынан кейін Қырым татарларына атқарылған "жүйелі қысым мен қорқыту саясатының соңғы үлгісі" екені баса дәріптелді.

Мәлімдемеде: "Түркия құқығы мен мүдделерін бейбіт жолмен қорғаған және демократиялық әдістермен үнін естіртуге талпынған бауырлас Қырым татарларының қасында болуды жалғластырады" делінді.

Ресей заңсыз жолмен жаулап алған Қырымда орыс қауіпсіздік күштері кеше азанда Қырым татарларының үйлеріне басып кіріп, 4 кісі ұстаған.  



Ұқсас жаңалықтар