Қазақстанда жұмыспен қамту

Мәжілісте жұмыспен қамту проблемалары қаралды.

1062175
Қазақстанда жұмыспен қамту

Қазақстандағы өндіріс орындарының сандық технологияға көшуі жұмыс нарығына әсер етуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті тыңдауы «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективаларына» арналды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігінде өткен тыңдауға Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев, Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов және Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова қатысты.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстанда жыл өткен сайын жұмысқа сұраныс артуда, сондықтан 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылуда» деді.   

Ал Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ауыл тұрғындары арасында кәсіпкерлікті көбейту мақсатында микрокредит бөлу көлемі ұлғайғандығын және осының нәтижесінде 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, министр елдегі ең ірі 100 кәсіпорынның автоматтандыруға көшу салдарынан 5 мыңға жуық адамның жұмыссыз қалуы да мүмкін екендігін айтты. 

2017 жылғы дерек бойынша, Қазақстанда 8 миллион 600 мың адам жұмыс көзімен қамтылса, бұл көрсеткіштің 2025 жылға қарай 9 миллион 800 мың адамға көбеюі болжанып отыр. 

TRT ASTANA



Ұқсас жаңалықтар