Ауғанстан сауда делегациясы Астанаға келді

Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расав бастаған кәсіпкерлер делегациясы Астанаға келді.

1026507
Ауғанстан сауда делегациясы Астанаға келді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расав бастаған кәсіпкерлер делегациясы Астанаға келді.

Іс-шараға 40-тан астам іскер топ өкілдері қатысты, олардың 20-дан астамы ауған бизнесін таныстырды. Сапар барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Ауғанстан делегациясымен кездесті.

Тараптар түрлі салалардағы сауда-инвестициялық, ауыл шаруашылығы, жер және әуе көлігі, сондай-ақ геология және минералды ресурстар сияқты түрлі салаларда Қазақстан-Ауғанстан қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Бұл кездесудің нәтижесінде сауда-экономикалық қатынастар бойынша екі жақты ынтымақтастық тақырыбында пікір алмасуға мүмкіндік туды.

Конференция қорытындысы бойынша делегация басшылары келісілген хаттамаға қол қойды. Кездесу сындарлы және достық қарым-қатынас жағдайында өтті.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналым 180,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% -ға жоғары (151,1 млн АҚШ доллары). 2005 жылдан 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін Ауғанстаннан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 0,2 млн АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан 2018 жылдың 1-ші тоқсанына дейін Қазақстаннан Ауғанстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 0,3 млн АҚШ долларына жетті.



Ұқсас жаңалықтар