Қазақстанда латын әліппесі
ҚР Білім және ғылым министрі латын әліппесінің жылдың соңында дайын болатынын айтты.
778637
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақ тілі үшін қолданылатын латын әліппесінің жылдың соңында дайын болатынын айтты.
Осы маңызды жобаға қате жібермеу үшін мұқият және ойланып қарау керектігін айтқан Сағадиев: «Биыл істелетін жалғыз жұмыс – ол қаріптің бір нұсқасын бекіту. Бірнеше нұсқа жасап, талдау керек. Содан барып латынға көшудің жоспарын бекітеміз» деді.
Министр әліппеге байланысты құрылған арнайы комиссияның жұмыс істеп жатқанын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.