Өзбекстанда жекешелендірілген кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау

Өзбекстан Республикасы президенті Шавкат Мирзиеев осындай жарлыққа қол қойды.

716172
Өзбекстанда жекешелендірілген кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау

Өзбекстанда жекешелендірілген кәсіпорындардың тиімділігінің арттырылуы және дамытылуы үшін қолдау берілетіні білдірілді.

Өзбекстан Республикасы президенті Шавкат Мирзиеев бір жарлыққа қол қойып, жекешелендірілген кәсіпорындарға қолдау беру және бәсекелестікті дамыту үшін мемлекеттік комитет құрылуы процесін бастатты.

Аталмыш комитет жекешелендірілген мекемелердің тиімділігінің арттырылуы және істерінің жетілуі үшін жол карталарын дайындайды.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуінен түсетін табыс мемлекеттік комитет құрамында қалыптастырылатын жекешелендірілген мекемелерді қолдау фондына құйылады. Фондта жиналған ақша кәсіпорындарға қолдау беру,  инвестиция жобаларының жүзеге асырылуы және іскерлерге білім беру үшін қолданылады.

Комитет сонымен бірге мемлекеттік мекемелер мен банктердің координациясын қамдайды, жекешелендірілген кәсіпорындардың басшылары және қызметкерлері үшін оқу бағдарламаларын өткізеді.

Ресми деректерге қарағанда жеке меншік сектордың ұлттық табыстағы үлесі 81 пайыз. Өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 94 пайызға жетті. Жұмыс істейтін халықтың 82 пайызы болса жеке меншік салада.



Ұқсас жаңалықтар