Түрікменстан Арал теңізі үшін күресуде

Бұл туралы мақала «Бейтарап Түрікменстан» газетінде жарияланды.

606468
Түрікменстан Арал теңізі үшін күресуде

Түрікменстан Арал теңізіндегі экологиялық апат және аймақтағы биологиялық түрліліктің сақталып қалуы үшін күресін жалғастыруда.

Бұл туралы мақала «Бейтарап Түрікменстан» газетінде жарияланды.

Мақалада «Арал теңізі  - аймақтағы экологиялық құндылығы жоғары көлдердің бірі.  Жарты ғасыр бұрын аймақтағы егіншілік жобалары осы теңіздің суының тартылуына және аймақ эко жүйесінің бұзылуына себеп болды» деп жазылды.

 Елде Арал теңізін құтқару Халықаралық фондымен бірге әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу бағдарламасы дайындалды. Ташауыз облысында су көздері мен суарылатын жердің жағдайын жақсарту үшін көптеген жоба жүзеге асырылды.

Қосымша шара ретінде Сарыкамыш көлінің шығыс жағалауына ағаш егілді. Сонымен бірге Түрікменстан Арал теңізіне байланысты проблемаларды шешу мақсатында БҰҰ арнайы бағдарлама қалыптастырылуын да ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар