Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2092259
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Алпер Гезеравжы президент Ердоғанмен байланысқа шықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған ғарышқа ұшқан Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжымен Халықаралық ғарыш стансасындағы (ХҒС) 3-ші күнінде жүзеге асырған тікелей байланыста «Ұлттық ғарыш бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған осы маңызды міндет арқылы балаларымыз және жастарымызға үлкен шабыт болдың. Сен біздің тұңғыш ғарышкеріміз атағын алдың. Әрине соңғы болмайсыз. Түркия қазір адам басқаратын ғарыштық миссияларды орындайтын санаулы елдер арасында өз орнын алды. Бұл сапарымыз одан әрі күшейе түседі деп үміттенемін» деді.

Стар газеті «Министр Гүлер: Алпер Гезеравжының ғарыш сапары еліміз үшін тарихи бір қадам» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер кеше жасаған мәлімдемесінде Түркия азаматының Әуе күштерінің құрметті қызметкері болған ұшқыш полковник Алпер Гезеравджының алғаш ғарыш сапарына шыққанын атап, «Бұл саяхат еліміздің ғылым мен техникадағы ілгерілеуінде жаңа әрі тарихи бір қадам болып табылады. Бұдан кейін де ғарышты зерттеуіміз табанды түрде жалғасады» деді.

Ватан газеті «PKK/YPG-лік 14 террорист залалсыздандырылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік Қарулы Күштері тарапынан кеше жасалған мәлімдемеде «Батыл Түрік Қарулы Күштері Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында шабуыл жасаған PKK/YPG-лік 14 террористті залалсыздандырды» делінді.

Сабах газеті «Құрылымдық реформалар жүзеге асырылатын болады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Экономика үйлестіру кеңесі кеше вице-президент Джевдет Йылмаздың басшылығымен жиналды. Жиналыстан кейін жасалған мәлімдемеде «Алдағы кезеңде экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыратын құрылымдық реформалар Түркияның ғасырлық көзқарасы аясында инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс және экспортқа бағытталған көзқарасымызбен жүзеге асырылады» делінді.

Хабер түрік газеті «Түркия мен Әзербайжан арасындағы сауда көлемі 2023 жылы артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Әзербайжан арасындағы сыртқы сауда көлемі өткен жылға қарағанда 31 пайызға өсіп, 2023 жылы 7,65 миллиард доллар болып жүзеге асты.



Ұқсас жаңалықтар