Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2138749
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Мәңгілік бейбітшілік үшін жұмыс істейміз» деген хабарға орын берген. Грекияның «Kathimerini» газетіне берген сұхбатында президент Режеп Тайып Ердоған Грекия мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар туралы тоқталды. Шешімге бағытталған қадамдардың маңыздылығын түсіндірген Ердоған «Екі ел белгілі шеңберде қысылып қалмай, қарым-қатынастарды жақсарту үшін атсалысу керек. Екі елдің байланысын жақсарту өз қолымызда. Біз мәңгілік бейбітшілік үшін жұмыс істейміз» деді.

Стар газеті «Ханзада Лоран: Түркияның қорғаныс және энергетикадағы әлеуетін бағалады» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияны қорғаныс өнеркәсібінде әлемнің ең үздіктерінің қатарына қосқанын атап көрсеткен Бельгия ханзадасы Лоран «Ердоған қазір әлемдегі ең жақсы қару өнеркәсібін дамытты. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг де Түркияның алға қойғандарына қатты риза екенін білдірді. Түркияның әлеуеті зор. Түркия сонымен қатар өзімізді қалай жетілдіре алатынымызды көрсететін ел» деді.

Сабах газеті  «Түрік балы 11,5 миллион доллар кіріс  түсірді» деген хабарға орын берген. Түркиядан қаңтар-сәуір айларында бал экспорты 11 миллион 477 мың 245 долларға жетті. Ең көп экспорт жасаған үш ел АҚШ, Германия және Испания болды.

Ватан газеті «Биыл Анталия қонақтарын 812 қонақүйде күтіп алды» атты хабар жариялаған. Биыл Анталия өз қонақтарын 812 қонақүйде күтіп алды. Өткен жылы 16 миллионнан астам шетелдік турист келіп, биыл рекорд жаңартқан Анталия жоғары сапалы қызмет көрсетуі  және кемелді іс-шараларымен көзге түседі.

Хабер Түрік газеті« Мете Газоз Еуропа чемпионы» деген хабарға орын берген. Ұлттық садақшы Мете Газоз Германияның Эссен қаласында өткен чемпионаттың финалында словениялық қарсыласы Ден Хабжан Малавашичті 6-0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионы атанды. 2020 жылы Олимпиада чемпионы, 2023 жылы әлем чемпионы атанған ұлттық спортшы спорттық мансабында алғаш рет Еуропа чемпионы атануға қол жеткізді.

 



Ұқсас жаңалықтар