Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2062941
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Батыстың үміті үзілді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған батыстың Газа секторында қырғын жасап жатқан Израильге қарсы атысты тоқтатуға шақырмағанына наразылық білдірді. Ердоған «Олар сынау былай тұрсын, атысты тоқтатуға шақыра алмайтындай тым әлсіз. Құран Кәрімді өртегендерге көз жұмғандар Палестина туына да шыдай алмайды» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия мен Ираннан Газаға ортақ хабарлама» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы саммиті үшін барған Өзбекстанда Иран президенті Ибрахим Реисимен бас қосты. Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан туындаған гуманитарлық дағдарыс және шешім үшін басылатын қадамдар талқыланды. Ердоған Ислам әлемінің Израильге қысымын арттыру керектігін мәлімдеді.

Хүррийет газеті «Түркия Газа дағдарысын шешудің кілті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газа секторындағы адам қасіреті тоқтаусыз жалғасып жатқанымен, АҚШ-та орналасқан «Bloomberg» хабар тарату мекемесі тамаша талдау жасады. «Газа дағдарысын шешудің кілті Түркия» деген «Bloomberg» АҚШ президенті Джо Байденнің жедел түрде президент Ердоғанмен сөйлесу керектігін хабарлады.

Стар газеті «Дастархан басында Түркия мен Грекия отыр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Грекия арасындағы оң күн тәртібі жылдамдады. Түрік және Грекия әскери делегациялары төртінші рет бір үстел айналасында бас қосуға дайындалуда. Түркия мен Грекия делегациялары арасындағы әскери сенім шараларының төртіншісі 13 қараша күні Анкарада өтеді.

Сабах газеті «Орталық банктің резервтері күшейіп келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Республикасы Орталық банкі өзінің жалпы резервтері туралы мәліметтерді жариялады. Резервтер 1 миллиард 860 миллион доллар артып, 128 миллиард 420 миллион долларға жетті және 39 аптаның ең жоғары деңгейіне көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар