Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2046072
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Біз енді нақты қадамдар күтеміз» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған Анкарадағы бомбалы шабуыл әрекетіне байланысты лаңкестікпен күреске тоқталып, «Егер бұл қанішерлер залалсыздандырылмаса және  шетелге қашып кетсе, олар саяси босқын ретінде қорғалып, кейбір адамдар тарапынан құрметке ие болар еді./... / Біздің қайғымызбен бөлісетінін білдіріп,  хабарлама жариялаған достарымыздан айыптау хабарламаларымен қатар нақты қадамдар күтеміз. Әйтпесе тек айтылған сөздер біздің жарамызды емдемейтінін білу керек» деді.

Хабер Түрік газеті «Шекарамызда құрылуы жоспарланған террор дәлізі жойылды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер: «Ел ішінде террор ұйымы жойылуға аз қалғанда, Түркияға қарсы шекарадан жасалған шабуылдар да тойтарылды. Шекарамызда құрылуы жоспарланған террор дәлізі жойылды» деді.

Стар газеті «Алып жоба ресми түрде басталды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани Парсы шығанағынан Түркияға дейін созылатын «Даму жолы» жобасының басталғанын мәлімдеді.

Йени Шафак газеті «Қарабахты минадан тазарту отандық өндіріс «ОЗАН» арқылы жүргізілуде» атты хабар жариялаған. Хабарда Түрік қорғаныс өнеркәсібі аясында әзірленген «OZAN» мина детекторлары Әзербайжан тарапынан Қарабахтағы азат етілген жерлерді миналардан тазартуда тиімді қолданылып жатқаны айтылған.

Хүрриет газеті «Адель түрік дизайнерін таңдады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, әлемге әйгілі британдық әнші Адель Лас-Вегастағы концертінде түрік сәнгер Руфат Исмаил дайындаған қара көйлекпен сахнаға шықты.



Ұқсас жаңалықтар