Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1972433
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті  «Ердоған «IMECE»  жайлы» мәлімдеме жасады» деген  хабар жариялаған. Түркия алғашқы бақылау спутнигін ұшырады. Президент Режеп Тайып Ердоған алғашқы түрік бақылау спутнигі IMECE-тің 11 сәуірде ғарышқа ұшырылатынын мәлімдеді. Ердоған «Әзірлеген технологиялардың арқасында жаһандық ғарыш жарысына қатысуды жалғастырамыз».

Хүрриет газеті «Министр Дөнмездің мәлімдемесін «Bloomberg» әлемге жариялады» деген хабарға орын берген. Түркия Қаратеңіз газы үшін кері санақты бастады. Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмездің мәлімдемесін орталығы АҚШ-та болған  «Bloomberg» бұл жаңалықты оқырмандарына «Түркия мамыр айынан бастап тапқан газын үйлерге жеткізуді мақсат етуде» деген тақырыппен жариялады.

Йени Шафак газеті «Автомобиль жасаудағы тарихи рекорд» деген хабарға орын берген. Түрік автомобиль өнеркәсібі наурыз айында ай сайынғы тарихи рекордты жаңартып, 22,8 пайыздық өсіммен 3,3 миллиард долларлық экспортқа қол жеткізді.

Хабер Түрік газеті  «Ауыл шаруашылығы экспортында рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған.  Ауыл шаруашылығы секторы 8 миллиард 626 миллион доллармен бірінші тоқсанның ең жоғары экспортына жетті.

Сабах газеті «Министр Ерсой: АҚШ-тан кейін әлемдегі ең көп фильм экспорттайтын елміз» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой «Манну-Чанаккаледе» атты 3D анимациялық фильмінің тұсаукесерінде «Кино индустриясында өте озық деңгейдеміз. Әлемде АҚШ-тан кейін ең көп фильм экспорт еткен елміз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар