Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1956580
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Оңтүстік Корея президенті Оңтүстік Корея мен Түркияның нағыз  бауырлас ел екенін айтты» деген хабарға орын берді. Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл 6 ақпан күні орталығы Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен кейін Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан Кореяның апаттан зардап шеккендерге көмек беру тобымен кездесті. Юн «Ынтымақтастығымыз екі елдің нағыз бауырлас ел екенін көрсететін бір символ болады» деді.

Сабах газеті «БҰҰ: Түркиядағы жер сілкіністерінің зияны 100 миллиард доллардан асады деп болжануда» атты хабар жариялаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Түркия тұрақты өкілі Луиза Винтон Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан шығынның 100 миллиард доллардан асатынын мәлімдеді.

Хүрриет газеті «"Bayraktar Kızılelma" АҚШ медиасында» деген хабарға орын берген. 23 қаңтарда екінші сынақ ұшуын сәтті аяқтаған Түркияның алғашқы ұшқышсыз жойғыш ұшағы «Bayraktar Kızılelma» АҚШ баспасөзінде орын алды. «Business Insider» газеті «Bayraktar Kızılelma»-ның Түркияның дамып келе жатқан ұшқышсыз ұшақтар индустриясының биік шыңына айналуы мүмкін екенін жазды.

Йени Шафак газеті  «Бес сектор экспортта рекорд жаңалады» атты хабар жариялаған. Орталығы Кахраманмараштағы  жер сілкіністерінен зардап шеккен аймақтардағы өндірістік және экономикалық қызметтегі үзілістерге қарамастан, өнеркәсіптің 5 секторы (былғары және былғары бұйымдары, автомобиль өнеркәсібі, электр және электроника, зергерлік бұйымдар, кондиционерлеу өнеркәсібі) қаңтар-ақпан айларында ең жоғары экспортты жүзеге асырды.

Стар газеті «Стамбул әуежайынан тағы бір сүйінші» деген хабарға орын берген. Стамбул әуежайы «Airports Council International» (ACI World) және туристік технология «Amadeus» компаниясы тарапынан жүргізілген жолаушылар тақырыбындағы  сауалнамасында әлемдегі ең жақсы әуежайлардың бірі болды.



Ұқсас жаңалықтар