Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1928303
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Түрік ғасырын ұлтымызбен бірге жүзеге асырамыз» деген хабар жариялаған. Жастарға «Түркия ғасыры» мақсаттарына жететін бір ел қалдырғысы келетінін білдірген президент Режеп Тайып Ердоған бұл мақсатқа ұлтпен бірге жететіндерін айтты. «Біз еліміздің саяси, дипломатиялық және әскери қуатын арттырамыз» деген Ердоған «Жасағанымызға қанағаттанбаймыз, одан да көп талпынамыз» деді.

Хүрриет газеті «Ердоғаннан Афинаға анық ескерту» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған нысананы 561 километрден дәл ататын «Тайфун» зымыранының ұшу қашықтығын 1000 километрге дейін арттыруға бұйрық бергенін және мұның Грекияда дүрбелең  туғызғанын білдірді. «Бізге тиіспегенге тиіспейміз» деді президент.

Сабах газеті «Пәкістан Ердоғанды ​​Нобель сыйлығына ұсынды» деген хабарға орын берген. Пәкістан Сенатының төрағасы Мұхаммед Садик Санжрани Ердоғанды ​​Ресей-Украина соғысындағы ерен еңбегі үшін Нобель сыйлығына ұсынғандарын білдірді. Санжрани «Ердоған тиімді араласуының арқасында бір өзі жаһандық апаттың алдын алды» деді.

Йени Шафак газеті «Түркиядан Акса мешіті ескертуі» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израильдің жаңа Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлескен кезде «Израиль Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің кешегі Акса мешітіне қарсы арандатушылық әрекетінің қабылданбайтынын» айтты.

Стар газеті  «Нидерландтық зерттеуші PKK/YPG-ны әшкереледі» деген хабар жариялаған. Нидерландтық сарапшы Рена Нетжес бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің «лас істерін» ашқаны үшін өлім қорқытуларын алуда. Батыстың террор ұйымының қараңғы жағын көргісі келмейтініне назар аударған Нетжес бұған қарамастан PKK/YPG-ні әшкерелеуді жалғастыратынын білдірді. Нидерландтық зерттеуші Сирияның солтүстігінде түрік бақылауындағы аймақтардың ең қауіпсіз аймақ екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар