Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1925217
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Біз ғылым мен технологияда қайтадан көтеріле бастадық» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған TÜBİTAK және TÜBA марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде «Түркия ғылым мен технологияның жандану кезеңіне кіреді. Бұл география ғылым мен технологияның орталығы болады» деді.

Йени Шафак газеті «Financial Times: Түркия үлкен артықшылыққа ие болуы мүмкін» деген тақырып қолданған. Британдық «Financial Time»s газетінде Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанның «көзір картаны» сәтті пайдаланғанына тоқталған мақалада «Түркия Ресей-Украина соғысында шынымен артықшылыққа ие бола алады. Сондай-ақ болашақта Ресей-Украина бейбітшілік келіссөздерінде де маңызды рөл атқарады» деп жазылған.

Ватан газеті «Президент Ердоғанды Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды» деген хабарға орын берген. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп «Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік талпыныстарына байланысты Президент Ердоғанды ​​Нобель сыйлығына ұсындым. Басқа елдерден де ұсынатында болады» деді.

Хүрриет газеті  «Қаратеңіз газы наурыз айында іске қосылады» деген хабар жариялаған. Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез 2023 жылдың наурыз айының соңына қарай алғаш рет Қаратеңіз газын қолданысқа беретіндерін мәлімдеді.

Стар газеті «Нью-Йорк Таймс» ревани рецептін бөлісті» деген хабарға орын берген. АҚШ-тың жетекші газеттерінің бірі «New York Times» дәстүрлі түрік десерті ревани рецептін оқырмандарымен бөлісті. Газет «Бұл түрік тәттісінің дәмі чизкейкке қарағанда өзгеше» деп жазды.

 



Ұқсас жаңалықтар