Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1918214
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоғаннан мұнай сүйіншісі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Инновация апталығының «Иновалиг чемпиондарын» марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде «Мұнайға байланысты әртүрлі қалалардан жақсы жаңалықтар келіп жатыр. Келесі жылы отандық мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге жеткізуді мақсат етіп отырмыз» деді.

Хүррийет газеті «Акардан Грекияға ескерту» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Грекия тұрақты арандатушылық әрекеттері және агрессивті риторикамен ақылға қонымсыз, қисынды және заңсыз талаптармен шиеленісті күшейтуге барлық күш-жігерін жұмсауда. Кез-келген бір қулыққа жол беру ешқашан мүмкін емес. «Ертеңім жақсы болсын» деп қалайтындар кешегі және бүгінгі қателіктерінен бас тартуы керек» деді.

Стар газеті «Forbes: Түркияның 2023 жылы әскери ұшақтары көгілдір аспанда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің назары 2023 жылы көгілдір аспанға көтерілетін Ұлттық әскери ұшағы (MMU) «Қызылелма», «Хүржет» және «Гөксунгур» атты ұшақтарына ауды. Америкалық Forbes журналы «Міне, 2023 жылы Түркияның алғашқы ұшуын жоспарлаған әскери ұшақтары» тақырыпты талдау мақаласымен отандық әскери және пилотсыз ұшақтарымызды мұқият қадағалады.

Сабах газеті «Символдар көпірі тарихқа енді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу 1915 Чанаккале көпірінің 318 метрлік мұнаралардың үстіне қойылған 16 метрлік сәулеттік зеңбірек оқтарымен әлемдегі ең биік мұнаралары бар аспалы көпір ретінде тарихқа енгенін мәлімдеді.

Хабертүрік газеті «125,9 миллион долларлық түрік лососьы экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қаратеңізден 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында түрік лосось экспорты 207 пайызға артып, 125 миллион 858 мың 348 долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар