Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1870734
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті «Француз журнал Түркияның сыртқы саясатын қолға алды» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоғанның халықаралық дипломатиясы француз «Le Figaro» журналына тақырып болды.  Мақалада дипломатия және бейбітшілік шақыруларына орай Түркияның көп полярлы актерге айналғаны атап көрсетілді.

Сабах газеті «Ердоғанның көрегендігіне мақтау: жақындаған қауіпті ерте байқады» деген хабар жариялаған. Германияда жарияланатын  «RedaktionsNetzwerk Deutschland (RND)» президент Ердоғанның жақындап қалған Украина соғысын алдын ала байқағанын айтып, «Сол кезде батыстың аз елі ғана жақында болатын орыс басқыншылығына сенетін еді. Ал Ердоған ашық түрде жақындаған соғысты байқады» деп жазды.

 Стар газеті де Түркияның ынтасына орын берген.  Астық дәлізінің бастау жері Одесса портында әскери қауіпсіздікті қамдайтын Оңтүстік Украина армиясының қолбасшылығының баспасөз хатшысы Наталия Гумениак «Түркияның ынтасы мен осы жолды ашуы еліміз үшін үлкен нәтиже туғызды. Құрлық жолымен астық жеткізуді сынап көріп едік, болмады. Енді теңіз арқылы жүзеге асырып отырмыз» деді.

Ватан газеті Чамлыжа мұнарасы жөнінде бір хабарға орын берген.  ТР Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоглу былтыр 29 мамыр күні ашылған Стамбулдағы Чамлыжа мұнарасы туралы «Ашылған күннен бері мұнараға 788 мың 241 адам келді. 1 қаңтар-20 тамыз күндері арасында 455 мың 945 адам келді» деді.

Хабер Түрік газеті халықаралық ұйымдардың Стамбул әуежайын мақтағанына орын берген.  Жапониядағы «Nikkei» тобының газеттерінің бірі «Nikkei Marketing Journal» Стамбул әуежайы мен түрік авиациясының күші туралы мақала жариялаған. Франциядағы «Les Echos» газеті, «Forbes Travel Guide» және БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы да Стамбул әуежайын мақтады.



Ұқсас жаңалықтар