Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1667921
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Қалыпты өмірге оралуда жаңа кезең басталды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда жаңа типтегі коронавируспен (ковид-19) күрес шеңберінде қойылған шектеулер аяқталды. Дүйсенбі-сенбі күндері Түркия уақытымен сағат 22:00-ден 05:00- аралығында, ал жексенбі күні болса толығымен іске қосылған коменданттық сағат режимі мен қалааралық саяхат шектеулері жойылды. Кәсіпорындар белгіленген ашылу мен жабылу сағаттарында жұмыс істей бастады. Неке қию рәсімдері мен үйлену тойына қатысушылардың саны шектелмейді.

Йени Шафак газеті «Канал Стамбулға үлкен қызығушылық бар» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен ресейлік әріптесі Сергей Лавров Анталияда бас қосты. Чавушоғлу баспасөз мәслихатында Монтре (Босфор келісімшарты 1936 жылы жасалған) және «Канал Стамбул» туралы қойылған бір сұраққа «Канал Стамбул үшін нақты қадамдар жасай бастадық. Халықаралық компаниялар да қызығушылық танытып отыр. Монтреге өзгеріс енгізілмейді» деп жауап қайтарды.

Стар газеті «НАТО әскери оқу-жаттығуына пилотсыз қарулы түрік әуе көліктері қолтаңба қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қаратеңізде Украина мен АҚШ бірлесіп өткізген 'Sea Breeze-2021' жаттығуы жалғасуда. Үлкен жаттығуға Түркия өндірген Bayraktar TB2 қарулы пилотсыз әуе көліктері де қатысты. Пилотсыз қарулы түрік әуе көліктері алғаш рет НАТО жаттығуында қолданылды. 28 маусым күні украин-американдық бірлескен «Sea Breeze-2021» әскери жаттығуы басталған болатын. Оқу-жаттығуға НАТО-ға мүше 30-дан астам мемлекет қатысуда.

Хабер түрік газеті «Маусым айында сыртқы сауда деректерінде рекордтық экспорттық көрсеткіш күтілуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Мехмет Муш жұма күні жарияланатын маусым айының сыртқы сауда деректерінде рекордтық экспорттық көрсеткіш күтетіндерін мәлімдеді. Муш «2021 жылдың аяғынан бастап, экспортымызды «Орташа мерзімді бағдарламаның» 2022 жылы нысанасы болған 198 миллиард долларға жеткізіп, 200 миллиард доллардан асатын боламыз» деді.

Хүррийет газеті «Баскетболдан ұлттық құрама жартылай финалда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда баскетболдан ұлттық құрама ерлер командасы FIBA Олимпиадалық іріктеулердің Канадада өткен турнирінің «В тобы» екінші матчында Чехияны 87-70 есебімен жеңді. Осы қорытындымен 2 матчтың екеуінен де жеңіп шыққан Түркия тобының үздігі болып, жартылай финалға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар