Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1666629
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге табандымыз» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Türksat компаниясының Анкарадағы базасында Türksat 5A серігін қызметке беру рәсімінде сөз сөйледі. «Цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін ұлтымызға көптеген дамыған елден бұрын бердік.  Әсіресе өнеркәсіптен саудаға, мемлекеттік қызметтен білім беру және медицинаға дейін цирфлық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіруге табандымыз» деді ол.

Хүрриет газеті «Түркия экономикада әлемнің жарқыраған жұлдызы болуы мүмкін» деген хабарға орын берген. Eczacıbaşı Холдингтің басшысы Бүлент Еджзажыбашы Түркияның 2010 жылдардың екінші жартысына дейін әлемнің жарқыраған жұлдызы сыпатына лайықты экономикалық перформанс көрсеткенін айтты. Ол Түркия экономикасының осындай перформансты қайта көрсетуге әлеуеті бар екенін атап айтып: «Бұрын не істесек, тағы да жасауға болады» деді.

Ватан газеті де экономика хабарына орын берген. Ресейден 83 миллион долларлық Бодрум қадамы келді.  Ресей-Түркия Бизнес кеңесі төрағасы Ахмет Паланкоев орыс инвесторлар тарапынан Мугладағы туризм орталығы Бодрум ауданында 83 миллион доллар инвестициямен бір спорт және ойын-сауық комплексінің жүзеге асырылатынын білдірді.

Йени Шафак газеті «Измирдегі ауыл шаруашылығы көрмесіне 80 елден 774 бренд қатысты» деген хабар жариялаған.  Еуропаның ең ірі төрт ауыл шаруашылығы көрмесінің бірі болып есептелетін Измирдегі Agroexpo Халықаралық егіншілік және мал шаруашылығы көрмесінде түрік фирмалары 900 миллион доллардан астам келісімге қол қойды. 80 елден 774 бренд қатысқан көрмеге Франция, Ресей, Үндістан және Катардан үлкен қызығушылық болды.

Стар газеті «Стамбул әуежайынан жаңа рекорд» деген хабар жариялаған. Бірнеше айдан бері Еуропадағы ең көп рейсті игерген Стамбул әуежайы 25-26-27 маусым күндерінде 100 мыңнан астам жолаушыға мекен болды. Сонымен қатар Стамбул әуежайы үш күндік қатынаста пандемия кезеңінің ең қарбалас күндерін бастап кешті.



Ұқсас жаңалықтар