Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1649328
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Көшеге шығуға тыйым салынған күн бір күнмен шектелді» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін хабарлама жариялады.  Ол маусым айынан бастап көшеге шығу тыйымының аптаның алты күні сағат 22-де басталатынын, жексенбі күні күні бойы жалғасатынын білдірді.  Президент ішіп-жеу саласы секілді көптеген кәсіпорынның жексенбі күндері тысында таңғы сағат 07-ден кешкі сағат 21-ге дейін қызмет беретінін айтты.

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Америка Құрама Штаттарының жаңа әкімшілігінің қатынастарды жақсарту ынтасы бар.  S-400 жүйелерін “қолданбаңдар» деген талапты қабылдауға болмайды.  Осы тақырыпта АҚШ жұмсармай отыр» деді.  Министр «АҚШ президенті Байден президентімізге телефонда «сіз де қаласаңыз,  сізбен жақыннан жұмыс істегіміз келеді» деді,  бірақ «қазіргі проблемаларды шешуіміз керек» деген сөздер қолданды» деді.

Хабер Түрік газеті «НАТО түрік әскерлеріне тәнті болды» деген хабар жариялаған.  Румынияда өткен, 26 елден 30 мыңнан астам қызметкер қатысқан НАТО жаттығуында түрік әскерлері өздеріне тәнті қылды. НАТО түрік әскерлері тарапынан құрылған жылжымалы асхана, монша секілді алаңдар мен әжетханалардың тазалығын мақтады.

Сабах газеті «Әлем әйгілі болды» деген хабарға орын берген. БҰҰ тарапынан жарияланған бір есеп түріктер өндірген Kargu-2 атты ұшқышсыз әуе көліктерінің әлем тарихына таңба басқанын хабарлады. Жасанды интеллект жүйесі орнатылған осы ұшқышсыз әуе көліктерінің Ливияда төңкерісшіл Хафтар күштері алдындағы жеңісі әлем баспасөзінде басты орын алды.

Стар газеті «Түркия бірінші тоқсандағы өсіммен OECD елдері арасында бірінші» деген хабар жариялаған. Түркия жылдың алғашқы тоқсанында 7 пайыздық өсіммен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер арасында ең көп өсім тіркелген ел атанды.

 



Ұқсас жаңалықтар