Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1463074
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті Ердоғанның Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.  Басшылар Түркия-Ресей қарым-қатынастарын нығайту қадамдарын, Армения-Әзербайжанның шиеленістерін және Сирия секілді  аймақтық оқиғаларды, әсіресе Ливиядағы жағдайды қолға алды. Ердоған мен Путин екіжақты қатынастар мен аймақтық мәселелер бойынша ынтымақтастық пен диалогты жалғастыруға келісті.

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Айя- Софияның сәжделермен қайта табысуы арқылы бір ұлттың қайта туғанына куә болғанын мәлімдеді. «Ай-Софияның ғибадат ету үшін қайта ашылуы - біздің еліміздің егемендік құқықтарын жүзеге асырудың соңғы мысалдарының бірі», - деді Ердоған. Ердоган Айя- София мешіті бұдан былай да ғибадат орны бола беретінін мәлімдеді.

Стар газеті грек дін қызметкерінің сөздеріне орын берген.

Грек діни қызметкері Евангелос Папаниколау: «Айя-Софияны қорғаған түріктер болмаса, Айя-София құлап қалар еді», - деді. Папаниколау түріктердің бұрын Криттегі шіркеулерді жаппағанын, бірақ Грецияда көптеген монастырьлар мен шіркеулердің жабылғанын атап өтті. Ол: «Кім Айя-София сияқты үлкен құрылысты  қорғайды? Түріктер қорғады» деді.

Хүрриет газеті «Министр Албайрак: Біздің экономика біртіндеп өсуде» деген хабар жариялаған.

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак «Біздің экономика біртіндеп көтерілуде. Шілде айында айлық негізде сенім индекстері қызмет көрсету секторында 20,2%, бөлшек саудада 9,6% және құрылыс секторында 11,6% болғаны қуантады. Түркия экономикасына жағымсыз болжамдар жасалды. Олардың бәрі бос сөз болады деп үміттенемін», - деді ол.

Ватан газеті «Borsa Стамбулдағы BIST ALL индексінен рекорд» деген хабарға орын берген.

Borsa Стамбул биржасында саудаланған барлық акцияларды есепке ала отырып есептелген BIST ALL индексі кеше барлық уақыттағы ең жоғарғы деңгейге жетіп, 1323,16 ұпайды құрады. Кеше BIST ALL индексі 1,315,05 ұпай артып, соңғы рекордын жаңалады.



Ұқсас жаңалықтар