Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1393606
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Санджактепедегі аурухананың құрылыс жұмыстары басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні президенттік үкімет жиналысының артынан жасаған мәлімдемеде коронавируспен күрес аясында Стамбулда 2 жаңа эпидемия ауруханасы салынатынын айтқан болатын. Санджактепеде салынатын эпидемия ауруханасы үшін құрылыс жұмыстары басталды. Техникалық және жүк тасымалдау көліктерінің аурухана салынатын алаңдағы жұмыстары басталды.

Стар газеті «Коронавирусты жеңген дәрігер донор берушілердің алғашқы еріктісі болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруы және Түрік Қызыл жарты ай қоғамының басшылығымен жаңа коронавирусқа қарсы басталған «иммун плазмалық» емдеу үшін алғашқы плазма доноры коронавирусты жеңген дәрігер Күршат Демир болды.

Сабах газеті «Түрік Қызыл жарты ай қоғамынан плазмалық емдеу мәлімдемесі» атты хабар жариялады. Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Керем Кынык «иммун плазмалық» емдеу үшін күніне 750 доннордан плазма қабылдау күшіне ие екендерін атап көрсетті. Науқас емделіп шыққаннан 14 күн өткен соң плазма қабылдау жұмысын бастағандарын және бір сәтте 400 миллиметрлік бір плазма қабылдауға болатынын атап көрсетті. Кынык «Бұл мөлшер екі науқасқа шипа болады» деді.

Йени Шафак газеті «ASELSAN отандық тыныс алу аппараты үшін іске кірісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ASELSAN Атқару кеңесі төрағасы және Бас директоры Халук Гөргүн әлемге ықпал еткен коронавирус эпидемиясымен күрес аясында жүргізілген жұмыстар барысында отандық тыныс алу аппараты үшін ASELSAN-да бір өндіріс желісі құру жұмыстарының басталғанын жариялады. Гөргүн «Жоба жұмыс тобы ‘бізді бөлмеге кілттеп қойыңыз, науқастарымызға тыныс алдыратын аппаратты жетілдірмей бізге ұйқы жоқ’ деп сезімдерін білдірді. Азанға дейін тоқтамастан жұмыс істеуде» деді.

Ватан газеті «Түркияда жұмысқа бару мөлшері 45 пайыз қысқарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда коронавирус эпидемиясы басталған күннен бері елдердегі қоғамдық қозғалыстың қалай өзгергені жайлы «Сovid-19» қоғамдық ұтқырлық рапорты жарияланды. 131 елді қамтитын рапортқа қарағанда, Түркияда жұмысқа бару мөлшерінде 45 пайыздық бір азаю байқалды.



Ұқсас жаңалықтар