Өзбекстанның сыртқы сауда көлемі артты
2023 жылы Өзбекстанмен ең көп сауда жасаған елдердің ішінде Қытай бірінші орында.
Өзбекстанның сыртқы сауда көлемі өткен жылы 62 миллиард 567 миллион долларға жетті.
Өзбекстан Мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2023 жылы елдің сыртқы сауда көлемі алдынғы жылмен салыстырғанда 23,9 пайыз артып, 62 миллиард 567 миллион 400 мың долларға жетті.
Былтыр елдің экспорты 2022 жылмен салыстырғанда 23,8 пайызға артып, 24 миллиард 426 миллион 200 мың долларға, ал импорты 24 пайызға артып, 38 миллиард 141 миллион 200 мың долларға жетті.
2023 жылы Өзбекстанмен ең көп сауда жасаған елдердің ішінде Қытай 21,9 пайызбен бірінші орында. Артында Ресей 15,8 пайызбен, Қазақстан 7 пайызбен, Түркия 5 пайызбен және Оңтүстік Корея 3,7 пайызбен келеді.
Түркия мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда көлемі 8,3 пайызға төмендеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.