Пайғамбардың шапанын көруге болады

Пайғамбар шапаны  Түркия уақытымен сағат 10:00-де көрсетіле бастады.

2116036
Пайғамбардың шапанын көруге болады
sakal-i serif.jpg
hirka-i serif.jpg

Мұхаммед пайғамбар Вейсел Караниге сыйлыққа қалдырған шапаны бүгін Стамбулдағы Хырка-и Шериф мешітінде келушілерге ашылды.

Жыл сайын Рамазан айының бірінші жұмасында көрушілерге ашылатын пайғамбар шапаны  Түркия уақытымен сағат 10:00-де көрсетіле бастады.

Шапанды өзімен аттас Хырка-и Шериф мешітінде Рамазан айында жұмыс күндері сағат 10.00-17.00, демалыс күндері 09.00-17.30 аралығында көруге болады.

Әзірет  Мұхаммедтің өсиеті бойынша Вейсел Караниге сыйға тартылған қасиетті жәдігерлердің бірі Хырка-и Шериф Стамбулдың Фатих ауданында Хырка-ы Шериф мешітінде 1851 жылдан бері сақтаулы.

Қасиетті аманатты көру процесі сәуірдің 5-і Қадір түнінде тарауық намазынан кейін 03.00-ге дейін жалғасады, ал 9 сәуір күні көру уақыты екінді намазынан кейін дұғамен аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар