Белла Хадид Израильді қатаң сынға алды

Палестиналық модель Белла Хадид Израильді қатаң сынға алды.

2051656
Белла Хадид Израильді қатаң сынға алды

Әлемге әйгілі палестиналық модель Белла Хадид Газа операциясына байланысты Израиль премьер-министрі Нетаньяхуға қатаң наразылық көрсетті.

"Instagram" әлеуметтік желісінде 60 миллионнан астам тіркеулі оқырманы бар және 2023 жылдың ең ықпалды адамдарының бірі ретінде таңдалған модель Белла Хадид Палестинадағы соңғы оқиғаларға үнсіз қалмады.

Палестиналық модель Белла Хадид: "Мен кәсібімнен айырылсам да Палестинаға қолдау көрсетуді ешқашан тоқтатпаймын. Модельдік жұмысынан айырылып қаламын деп қорықпаймын және Палестинаны қолдау әрекетін жалғастырамын. Израиль премьер-министрі Нетаньяху - жаңа Гитлер! Ол 2,5 миллион палестиналық үшін жаңа қабір орнатуға талпынуда. Ол қазіргі заманның Гитлері. Егер израильдіктер соғысуды тоқтатса, бейбітшілік орнайды. Палестиналықтар соғысуды тоқтатса, Палестина жойылады» деді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар