Швейцарияда "3-ші Түрік мәдени фестивалі" өтті

«Түрік мәдениет фестиваліне» елде тұратын түріктер үлкен қызығушылық танытуда.

1991840
Швейцарияда "3-ші Түрік мәдени фестивалі" өтті

Швейцарияда "3-ші Түрік мәдени фестивалі" өтті.

Швейцарияның Цюрих қаласында биыл үшінші рет ұйымдастырылған «Түрік мәдениет фестиваліне» елде тұратын түріктер үлкен қызығушылық танытуда.

Швейцариядағы Түрік Дін Басқармасы Қоры тарапынан Цюрихтің Дюссельдорф аймағында ұйымдастырған фестивальдің алғаш күнінде «Мехтеран» музыкалық ансамблінің концерті, «Хадживат пен Карагөз» спектаклі, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының да қолдауымен «TRT Çocuk» арнасының танымал телехикаясы «Рафадан Тайфа» кейіпкерлерінің шоуы және халық билерімен көңілді уақыт өткізді.

Фестивальге қатысқан Түркияның Цюрихтегі бас консулы Хасан Эмре Уйгун іс-шараға өткен жылы 30 мың адам қатысқанын, биыл болса 40 мыңнан астам адамның қызығушылық танытқанын атап көрсетті.

Фестиваль ертеңгі өтетін шаралармен аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар