"Türksat 5B" Дубаидағы жәрмеңкеге қатысады

"Türksat 5B" Таяу Шығыстағы ең үлкен жер серігі қызметтері мен хабар тарату жәрмеңкесі «CABSAT 2023» көрмесіне қатысады.

1985384
"Türksat 5B" Дубаидағы жәрмеңкеге қатысады

"Türksat" компаниясының 5-ші буын жер серігі "Türksat 5B" Таяу Шығыстағы ең үлкен жер серігі қызметтері мен хабар тарату жәрмеңкесі «CABSAT 2023» көрмесіне қатысады.

"Türksat" компаниясының жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда «CABSAT 2023» 16-18 мамыр күндері Дубаида ұйымдастырылады.

Дубаи Дүниежүзілік Сауда орталығында келушілерін қабылдайтын жәрмеңкеде "Türksat" компаниясының 5-ші буын жер серігі "Türksat 5B", ұлттық "PeycON" отбасылық антенналары "HidrON", "TerrON", "MicrON" және "AerON" да көрмеге қойылады.

Жәрмеңкеде Түркияның ең күшті "Ka Band" технологиясына ие ең қуатты жер серігі "Түріксат 5В" байланыс серігіне қатысты келісімдерге де қол қойылады.

Жәрмеңке аясында "Türksat" компаниясының әсіресе "MENA" аймағында отандық және ұлттық өнімдерінің тиімділігін арттыруды және Түркияның Таяу Шығыстағы жер серігі қызметтері нарығында күшті орын иелеуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Жәрмеңкеде компания "5А және 5В" жер серіктерін нығайтып, қамту аймағын кеңейткен жер серігі байланыс және кабельдік хабар таратудағы соңғы қызметтерін сектор өкілдеріне ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар