"Афронавт" Масеко мотоцикл апатында мерт болды

Ғарышқа ұшу мүмкіндігін алған тұңғыш африкалық арманын орындай алмай мотоцикл апатында қайтыс болды.

1232387
"Афронавт" Масеко мотоцикл апатында мерт болды

Ғарышқа ұшу мүмкіндігін алған тұңғыш африкалық арманын орындай алмай мотоцикл апатында қайтыс болды.

ББС-дің хабарына қарағанда 2013 жылы Америка Құрама Штаттарында ғарыш академиясының 23 орнының біреуін 75 елден бір миллионнан астам бәсекелесінен озып жеңіп алған Оңтүстік Африка Әуе күштері қызметкері Мандла Масеко аптаның соңында мотоцикл апатында қайтыс болды.

"Афронавт" және "Ғарыш баласы" аттымен танымал 30 жастағы Масеко Флоридадағы Кеннеди Ғарыш орталығында бір сағаттық орбита асты ұшуға дайындық үшін бір апта өткізген болатын.

Претория маңындағы Сошангуеде қарапайым отбасында дүниеге келген Масеко Африкадағы жастарға шабыт беріп, қайдан келгеніңе қарамай, барлық істе табысқа жетуге болатынын дәлелдеу үшін жұмыстануды қалайтынын тілге тиек ететін.  



Ұқсас жаңалықтар