Чикагода 15-ші түрік фестивалі болып өтті

АҚШ-тың Чикаго қаласында биыл 15-ші рет ұйымдастырылған Чикаго түрік фестивалі аяқталды.

1050451
Чикагода 15-ші түрік фестивалі болып өтті

Далей алаңында «Чикаголық түріктер» тақырыбымен жүзеге асқан фестиваль үш күнге жалғасты.

Фестивальге елдегі түріктерге қоса АҚШ-тықтар да қызығушылық танытты.

Халық билері мен ашық аспан сәндік көрсетіліміне қоса Түркиядан барған мозаика, ағаш ою, эбру, шыны, бағыр, тері, қолмен жасалған әшекей бұйымдар және түрік тағамдары келушілердің назар аударды.

Фестиваль аясында суретші және мозаика ұстасы Сүха Семерджи, тері ұстасы және Акдениз дәстүрлі қол өнері қоғамы төрағасы Сердар Инөзү, бағыр бұйымдар ұстасы Эртуғрул Үзүмджү және нахт өнері ұстасы Селами Эрфиданның туындылары орын алған көптеген станд ашылды.

Түркияның Чикагодағы бас консулдығы және Түрік-Американ мәдениет одағы (Turkish American Cultural Alliance Chicago / TACA) еріктілері тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға мыңдаған адам қатысты.



Ұқсас жаңалықтар