Ауғанстандағы су тасқынында қаза тапқандар саны 70-ке жетті

Ұлттық апат агенттігінің баспасөз хатшысы Джанан Саек мәлімдеме жасады.

2129722
Ауғанстандағы су тасқынында қаза тапқандар саны 70-ке жетті

Ауғанстанның үлкен бөлігіне әсер еткен нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 70-ке, жараланғандар саны 56-ға жетті.

Ұлттық апат агенттігінің баспасөз хатшысы Джанан Саек су тасқынынан қаза тапқандар санының 70-ке, жараланғандар санының 56-ға жеткенін хабарлады.

Саек 2500-ден астам үйдің қирағанын немесе зақымдалғанын, 2000-нан астам жануарлардың қырылғанын және 95 мың гектар ауылшаруашылық алаңының үлкен шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Синоптиктер тағы төрт күн жауын-шашын күтілетінін ескертті.

Ауғанстанда ауа райының жылынуымен қыс маусымында жауған қардың еруінен болатын су тасқыны, толассыз жауған жаңбыр және инфрақұрылымның жеткіліксіздігі жыл сайын жүздеген адамның қаза табуына әкелуде.



Ұқсас жаңалықтар