БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тағы шерулерге назар аударды
Гутерреш Нью-Йорктегі БҰҰ ғимаратында журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Палестинаға қолдау демонстрациясы туралы «Университеттер ақылмен қозғалып, жағдайды шешуі керек» деген мәлімдеме жасады.
Гутерреш Нью-Йорктегі БҰҰ-ның бас ғимаратында журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
АҚШ-тағы университеттерде Палестинаға қолдау демонстрациясына полицияның рейдтері туралы қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында Гутерреш «Сөз бостандығы мен бейбіт шерулер өткізу құқығына кепілдік беру өте маңызды» деді.
Екінші жағынан Гутерреш жек көрушілік сөздерді қабылдауға болмайтынын мәлімдеді.
Өзінің билік тәжірибесі бар екенін еске салған Гутерреш «Университеттер ақылмен қозғалып, жағдайды шешуі керек» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.