Әлемде Палестинаға қолдау шерулері жалғасуда

Ұлыбританияда Израильге қарсы тағы наразылық шеруі ұйымдастырылды.

2129387
Әлемде Палестинаға қолдау шерулері жалғасуда

Әлемнің түкпір-түкпірінен Палестина қолдаушылары Израильдің Газа секторында жасаған қырғындарына қарсы тұруда.

Америка Құрама Штаттарындағы Колумбия университетінде студенттер «Палестина ынтымақтастығы лагері» деген атпен шатырлар тікті.

Лагерь алдында адам тізбегі құрған студенттер Израиль шабуылдары тоқтатылғанша наразылықтарды жалғастыруға шешім қабылдады.

Ұлыбритания да Израильге қарсы тағы шеру ұйымдастырды.

Бас қала Лондондағы жүздеген Палестина қолдаушысы парламент ғимараты алдында бас қосты. Шерушілер Израильге қару сатуды тоқтатуды талап етті.

Жұмысшы партиясының депутаттары да қатысқан шеруде Ұлыбритания үкіметінің Израильге қару сатуы протест етілді. Шерушілер Үкіметті Израильді айыптауға шақырды.

Швецияның Мальме қаласында жиналған шерушілер де Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтардың босатылуын талап етті.

Германияның бас қаласы Берлинде палестиналық қолдаушылар көшеге шеруге шықты.

Шерушілер атысты дереу тоқтатуға шақырып, Израильдің Газа секторына 7 қазан күнінен бері жалғасып келе жатқан шабуылдарын айыптады.



Ұқсас жаңалықтар