«Қорғаныс шығындарын арттыруға мәжбүрміз»

НАТО Бас хатшысы Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа тоқталды.

2129103
«Қорғаныс шығындарын арттыруға мәжбүрміз»

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Қорғаныс шығындарын арттыруға мәжбүрміз, шиеленіс күшейіп жатыр» деді.

Йенс Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде Нидерланд уақытша үкіметінің премьер-министрі Марк Рютте, Дания премьер-министрі Метте Фредериксен және Чехия премьер-министрі Петр Фиаламен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Бас хатшы журналистің «Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің аймақтық қақтығысқа айналу қаупін ескере отырып, батыстың әрі Украина, әрі Таяу Шығыстағы қақтығысты  реттей алатын әуе қорғаныс жүйесі бар ма?» деген сауалына жауап берді. «НАТО-дағы одақтастардың бұл мүмкіндігі бар. Біз әлемдегі әскери күштің 50 пайызын құраймыз және біздің мықты одақтастарымыз бар» деді ол.

Украинада жалғасып жатқан соғыс пен Таяу Шығыстағы қақтығыстардың НАТО-ның қорғаныс шығындарын арттыру мақсатының маңыздылығын көрсеткенін білдірген Столтенберг «Қорғаныс шығындарын арттыруға мәжбүрміз, шиеленіс артып келеді. Одақтастардың істеп жатқаны дәл осы» деді.



Ұқсас жаңалықтар