Иранға санкция салу туралы шешім қабылдады

Иранға қарсы санкцияларды кеңейту туралы шешім қабылданғаны атап өтілді.

2129350
Иранға санкция салу туралы шешім қабылдады

Еуропалық Одақ (ЕО) Израильге жасаған шабуылына байланысты Иранға санкция салу туралы шешім қабылдады.

ЕО саммитінің сыртқы байланыстар сессиясында талқыланған Таяу Шығыс тақырыбына қатысты қорытынды мәлімдеме жарияланды.

Мәлімдемеде 13 сәуір күні Израильге жасаған шабуылы басшылар тарапынан бірауыздан айыпталған Иранға қарсы санкцияларды кеңейту туралы шешім қабылданғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде сонымен қатар Газадағы дағдарыстың тез арада атысты тоқтату, тұтқындарды босату және гуманитарлық көмектердің кедергісіз жеткізу арқылы аяқталуы керектігі еске салынды. Сондай-ақ ЕО-ның екі мемлекетті шешімге табандылығы ерекше атап өтілді.

Мәлімдемеде Ливандағы жағдайға да тоқталып, Еуроодақтың бұл елге күшті қолдауы қайталанды. Мәлімдемеде Еуроодақ басшылары сириялық босқындардың еліне қауіпсіз, ерікті және лайықты түрде оралуын қолдайтындарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар